Login to make your Collection, Create Playlists and Favourite Songs

Login / Register
Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда "Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз"
Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда "Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз"

Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда "Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз"

01:15:59
Report
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері,  «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім. Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар!    Таймкод 00:00 - кіріспе 01:04 - эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру 04:05 - мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология 09:00 - «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ 11:06 - Ғайнижамал образы неге ашылмады?  15:02 - Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы 19:55 - тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық 29:57 - Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы 35:37 - бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар? 39:30 - Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы 40:30 - отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары 48:09 - Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады? 01:08:08 - кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы  "Міржақып. Оян, қазақ" сериалын көру - https://www.youtube.com/watch?v=Itv4FFNKG_c Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар! Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда "Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз"

View more comments
View All Notifications